ЖаңалықтарСараптама

Миллион теңгеден артық жалақы алу үшін қандай мамандықтарды меңгерген жөн?

Бұрын техникалық кəсіптік білім білікті арттырмай 10 жылға жетер болса, бүгінде көптеген мамандық бойынша дағдылар 2 жылға ғана жарайды. Сандық және жасанды интеллект технологиялары еңбек əлемін өзгертеді. Мамандықтар күрделеніп, жаңалары пайда болады. Жұмыс берушілер де өз тарапынан қызметкерлерден күрделі білім мен дағдыларды талап етеді. Сондықтан адамдар жаңа дағдыларды игеріп, жаңа кəсіптерге бейімделуі керек. Назарларыңызға болашақта сұранысқа ие болатын және бүгінде Қазақстанда жоғары жалақы төленетін мамандықтар тізімін ұсынамыз.

Болашақта сұранысқа ие болатын мамандықтар

«Болашақтың жұмысын» істеу үшін қажет дағдыларды игеру айтарлықтай қиын емес. Мысалы, сату саласындағы негізгі техникалық дағдылар бар болғаны 38 сағатта игеріледі немесе IT саласын деректер талдаушысы ретінде бастау үшін тек 64 сағат оқу мен тəжірибе қажет. Алайда сандық дағдыларды дамыту өмір бойы үздіксіз білім алуды қажет ететінін ұмытпау керек.

Дүниежүзілік экономикалық форум болашақта сұранысқа ие мамандықтардың тізімін әзірледі.

Бұлтты есептеу:

  • Нысанның сенімділігі жөніндегі инженер;
  • Тұғырнаманың инженері;
  • Бұлтты инженер;
  • Қосымшалардың өмірлік циклін автоматтандыру инженері;
  • Бұлтты жүйелер бойынша кеңесші;
  • Қосымшалардың өмірлік циклін автоматтандыру менеджері.

Инженерия:

  • Руtһоn əзірлеушісі;
  • Серверлік əзірлеуші;
  • Javascript əзірлеушісі;
  • Васk Еnd əзірлеушісі;
  • Интерфейс инженері;
  • Dotnet бағдарламалық жасақтамасын əзірлеуші;
  • Даму жөніндегі маман;
  • Техникалық талдаушы.

Деректер және жасанды интеллект:

  • Жасанды интеллект бойынша маман;
  • Деректер инженері;
  • Деректерді өңдеу жөніндегі маман;
  • Үлкен деректерді əзірлеуші;
  • Талдау жөніңдегі маман;
  • Деректер бойынша кеңесші;
  • Бизнес-талдауды əзірлеуші;
  • Деректерді талдаушы;
  • Талдаушы-кеңесші.

Өнімді әзірлеу:

  • Өнім иесі;
  • Сапаны қамтамасыз ету тестері;
  • Аgіlе жаттықтырушы;
  • Бағдарламалық жасақтама инженері;
  • Өнім талдаушысы;
  • Сапаны қамтамасыз ету инженері;
  • Цифрлық өнім менеджері;
  • Скрам шебері;
  • Жеткізу жөніндегі басшы.

Технологиялардың дамуы мен жұмыссыздықТехнологиялардың жылдам ілгерілеуінен жақын болашақта 85 миллионнан астам жұмыс орны еңбек нарығынан ығыстырылуы мүмкін. Ал адамдар, машиналар мен алгоритмдер арасында еңбекті бөлуге неғұрлым бейімделген 97 миллион жаңа жұмыс орны құрылады. 2030 жылға қарай шамамен 100 миллион жұмысшы немесе әр 16-шы адам қызмет түрін өзгертуге мəжбүр болады. Қазақстанда жұмыс орындарының жартысынан көбі (52%) автоматтандырудың жоғары немесе маңызды қаупіне ұшырайды.

«Тарих бізге бір кəсіптің орнына басқалар келетінін үйретеді. Менің ойымша, ескірген мамандықтар жоғалып кетпейді, жай ғана басқа мамандықтарға түрлендіріледі. Қазіргі заманғы мамандар үшін жан-жаққа мұқият қарау, тенденцияларды бақылау, өз саласындағы неғұрлым сұранысқа ие технологияларды игеру жəне қажетті сертификаттаудан өту, ең болмағанда негізгі сандық дағдылардың болуы маңызды. Үнемі оқу мен дамуға бейімделу керек», – дейді Ernst & Young Kazakhstan LLP Консультациялық қызметтер директоры Дамир Деминов.

Қазақстанда жыл сайын орта есеппен 70 мыңнан астам түлек жұмысқа орналаса алмайды. Ал жұмысқа тұрған түлектердің 40,1%-ы мамандығы бойынша жұмыс істемейді.

Мамандық таңдауда əр төртінші адамға ата-анасы əсер етеді (23,7%), ал 6,4%-ы оқу гранттарының болуына, 4%-ы – достарының ұсынысына сүйенді. Бұл дегеніміз жұмыс істейтін жəне оқитын жастардың үштен бірінен астамы мамандықты өздері таңдамаған деген сөз. Нəтижесінде жастар мамандық таңдағанда өз қалауына сүйенбейді, жұмыс істей алмай, əлеуетін толық іске асыра алмайды. Ал алған дағдылары мен білімдері уақыт өте ескіреді жəне олар еңбек нарығында бəсекеге қабілетсіз болып қалады.

Былтыр Халықаралық еңбек ұйымының əдіснамалық базасына негізделген «форсайт» тəсілін пайдалана отырып, жаңа мамандықтар мен құзыреттердің Атласы əзірленді. 9 басым салаларды талдау алдағы 5-10 жылда 239 жаңа, 95 өзгеретін жəне 129 жойылып бара жатқан мамандықты анықтады.


Қазақстанда жоғары жалақы төленетін мамандықтар қандай?

Электронды еңбек биржасы мен HeadHunter сайтындағы бос жұмыс орындарын талдай келе жұмыс берушілердің келесідей мамандарға 1 миллион теңгеден астам сомада жалақы төлеуге дайын екенін анықтадық.

  • Инженер. Инженер-технолог пен инженер-механик 1 300 000 теңгеге дейін жалақы алады. Мұндай жалақыны Атырауда «Фиркрофт Инжиниринг Сервисиз Лимитед Қазақстан» ЖШС төлеуге дайын.
  • IT маман. Программистер мен әзірлеушілер қашықтан жұмыс істеп 7000$-ға дейін таба алады.
  • Сату бойынша менеджер. Тауарлар мен қызметтерді сату бойынша менеджер сату көлеміне қарай 1-1,5 миллион теңгеге дейін таба алады.
  • Мейрамханалар желісін басқарушы. Шетелде мейрамхана ісінде жұмыс тәжірибесі бар маманға Нұр-Сұлтанда жұмыс беруші 6 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын.
  • HR директор. Қызметкерлерді іріктеу және кадр маманы Қазақстанда 1 миллион теңгеге дейін, ал HR директор 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ала алады.
  • Құрылыста бөлім бастығы. Құрылыста бөлім бастығына 1,5 миллион теңгеге дейін жалақы ұсынылады.
  • Стоматолог. Тіс дәрігері және ортодонт айына 300 мың теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін табыс таба алады.
  • Бренд шеф-аспаз. Нұр-Сұлтанда бірқатар тамақтану орындары жұмыс тәжірибесі мол шеф-аспазға 1 миллион теңгеден жоғары жалақы беруге дайын.
  • Дизайнер. Компаниялар корпустық жиһаз дизайнеріне 300 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін, ал дизайнер консультантқа 3 миллион теңгеге дейін төлеуге дайын.
  • «Web-дизайнер» курсының оқытушысы. Алматыда білім беру платформасы қазақ тілінде «Web-дизайнер» курсын өтетін оқытушыны іздейді. Жалақысы – 1 миллион теңгеге дейін.

informburo.kz

Back to top button