Бас санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында еліміздің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі.
Қаулы «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 20 қазандағы № 46 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қаулыда мынадай өзгерістер қарастырылған:
КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мына тұлғалар жатады:
- 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
- жүкті әйелдер – жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін;
- лактация кезеңіндегі әйелдер – босанғаннан кейінгі кезең аяқталғаннан кейін (42 күннен кейін) бала 2 жасқа толғанға дейін.
Бұл ретте, 12 жастан 18 жасқа дейінгі шетелдік жасөспірімдер, оның ішінде ҚР аумағында үздіксіз 3 және одан да көп ай оқып жатқан және тұратын студенттер де коронавирусқа қарсы вакцина алуға жатады.
Мынадай редакцияда жазылсын:
- Егу пункті жасөспірімдердің шоғырлануын болдырмайтын егілетін адамдардың тұрақты бір жақты ағымын қамтамасыз ете отырып ұйымдастырылады;
- егу кабинетінде егілетін адамдардың және медициналық бақылаудағы адамдардың жиналуына жол бермеу;
- бір мезгілде вакцинациялауға 3 адамнан асырмай шақыра отырып, егу кабинетінің алдында халықтың көп жиналуын болдырмай жеке вакцинация жүргізуді ұйымдастыру;
- жалпы қарсы көрсетілімдерден басқа, жүкті әйелдерге аллергиялық реакциялар, жедел қызба жағдайлары кезінде, сондай-ақ жүктіліктің ауыр асқынулары – эклампсия, қан кету және басқа да жағдайлар кезінде вакцинация жүргізілмейді;
- егер жүкті әйел жүктіліктің 35-37 аптасында КВИ-ге қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алса, онда вакцинаның екінші дозасы босанғаннан кейін 42 күннен кейін енгізіледі. Екі егудің арасындағы ұсынылатын аралық 12 аптадан аспайды;
- Егер екі дозада абайсызда КВИ-ге қарсы вакциналардың әртүрлі типтері енгізілсе, онда пайдаланылған вакциналардың кез келгеніне қосымша дозаларды енгізу ұсынылмайды;
- «Комирнати» вакцинасын (Пфайзер, АҚШ) қолдана отырып, КВИ-ге қарсы вакцинацияны және ревакцинацияны алу туралы деректер КВИ-ге қарсы вакцинаның барлық алынған дозаларын рет-ретімен (егу жүргізілген күн, вакцинаның атауы, сериясы, өндіруші ел, доза) көрсете отырып, «Вакцинация» Модулінің ақпараттық жүйесінде көрсетіледі.



