BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгерді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда ревакциналау әдісі өзгеретінін айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, иммундау жөніндегі ұлттық консультативтік комиссия халықты ревакциналау әдісін қайта қарағанын айтты.
«8 желтоқсаннан бастап вакцинаның екі дозасын алғандар, сондай-ақ, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар 6 айдан кейін ревакциналаудан өтеді», – деді Цой үкімет отырысында.
инистр бүгінде ревакциналаудан өткен адам саны 44 702 болғанын атап өтті.



