Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды

Елордада жолда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 9 желтоқсанда сағат 2.42-де 102-ге Құдайбердіұлы даңғылында төбелес болғаны туралы қоңырау түскенін хабарлады.
«Оқиғаға қатысушылар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар түнгі уақытта бардан шығып, кейін төбелескені анықталды», – деді полиция өкілі.
Тәртіп сақшылары «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, айналасындағыларға құрмет көрсетпегені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді», – деп толықтырды полиция өкілі.



