BasNewsЖаңалықтар
Бекшин Алматыда омикрон штамы қашан пайда болатынын айтты
Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыда омикрон штамы қашан пайда болады деген сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Келетіні анық. Қай уақытта екенін білмейміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған деректерді ғана пайдаланамыз. Омикрон туралы болжайтын ресми деректер жоқ», – деп хабарлады ол.
Брифинг барысында Бекшин Алматыда қазірдің өзінде 1,3 миллион тұрғын вакцина салдырғанын, сондай-ақ, 15 682 адам ревакциналаудан өткенін мәлімдеді.



