BasNewsЖаңалықтар

Бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 20 қазақстандық қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 20 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

15 науқаста коронавирусқа тест оң нәтиже көрсетсе, бесеуінде теріс нәтиже көрсеткен.

12 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 21 211 адам коронавирус инфекциясынан (18 418 КВИ+ және 2 793 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  4 145 пациент стационарда,
  • 17 066 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  332 адамның жағдайы ауыр,
  • 85 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 66 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button