BasNewsЖаңалықтар

«Тальго» жүрдек пойызы екі жаңа бағыт бойынша жүреді

«Тальго» жүрдек пойызы 12 желтоқсаннан бастап екі жаңа бағыт бойынша жүре бастады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бірінші бағыт Нұр-Сұлтан мен Арқалықты байланыстырады. №603 жолаушылар пойызы 609 шақырым қашықты 12 сағат 49 минутта жүріп өтеді. Пойыз екі құрамнан тұрады және күн сайын қатынайды.

«Тальго» вагондарынан жасалған № 111 екінші жолаушылар пойызы Алматы-2-Маңғыстау бағыты бойынша жүреді. Сапар уақыты – 41 сағат 49 минут. Пойыз екі құрамнан тұрады және жұп күндері жүреді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button