BasNewsЖаңалықтар
Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы «жасыл» аймаққа өтті
Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазіргі уақытта «сары» аймақта – 4 өңір, «жасыл» аймақта 13 өңір орналасқан, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
2021 жылғы 15 желтоқсандағы жағдай бойынша:
- «Сары» аймақта: Ақмола, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары.
- «Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.



