BasNewsЖаңалықтар
Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов үйленді
Қазақстандық танымал боксшы Сәкен Бибосынов үйлену тойын жасады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
2021 жылғы әлем чемпионы және 2020 жылғы Олимпиада жүлдегерінің жары – Назира. Ол 22 жаста. Той Шымкентте өткен. Мерекеден түсірілген сурет пен видео Instagram-да жарияланды.
https://www.instagram.com/p/CXbb8CxMnwt/?utm_source=ig_embed&ig_rid=10f196b8-e9b1-409b-afe5-99b77d9dff47
Айта кетейік, қарашада Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионаты финалында Бибосынов АҚШ-тан келген Роско Хиллмен кездесіп, төрешілер бірауыздан қабылдаған шешім бойынша жеңіске жетті. Боксшы Қазақстан бокс федерациясынан 70 мың доллар алды. Сонымен қатар, Бибосыновқа Түркістан облысынан пәтер берілген еді.



