BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Бүгін Қазақстан қастерлі де қасиетті мереке – Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр, биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

1991 жылы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылдады.

30 жылда Қазақстан халқының саны 19 миллионнан асты. Экономиканы өркендету үшін ауқымды реформалар қолға алынды. Жеке кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасалды.

Қазақстан беделді халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Елдің стратегиялық даму бағдары айқындалды. Елордамыз Есілдің бойына көшірілді.

Төл теңгеміз айналымға қосылды. Айбынды Армиямыз құрылды. Ата заңымыз қабылданды. Ана тілімізге мемлекеттік тіл мәртебесі берілді. Ата дініміз оралып, салт-дәстүріміз жаңғыртылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button