Жұмыртқа бағасы арзандайда
Қазақстанда жұмыртқаның бағасы төмендеді. Бұл туралы отандық жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Петропавловск.news сайтына сілтеме жзасап.
10 желтоқсаннан бастап республикамыздың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы төмендеді, яғни жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) түседі.
Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін арзандай бастайды. Бұдан бұрын Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган 9 құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 – өндірушілерге, 3 – көтерме жеткізушілерге) шығарды. 9 құс фабрикасына қатысты 6 тергеу тағайындалды (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары), – деді ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті Максим Божко.
Соған қарамастан кейбір сауда-саттық орындарда бұрынғы баға сақталып тұруы да мүмкін. Қауымдастық басшысының айтуынша, оның бәрі мерекеге байланысты орын алып жатқан дүние.



