BasNewsЖаңалықтар

Павлодарда мектепті жарып жібермек болған ер адам ұсталды

Павлодарда полиция қызметкерлері мектепті «жарып жібермек» болған 44 жастағы ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Рavlodarnews.kz мәліметінше, оқыс оқиға 18 желтоқсанда орын алған.

Мектепке келген жедел тергеу тобы тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде жарылу қаупі бар заттар табылған жоқ.

Мас адам өзінің бұл әрекетке неге барғанын түсіндіре алмады.

Облыстық полиция департаменті аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button