BasNewsЖаңалықтар
Доллар бағасы тағы қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы тағы өсті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 19 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,70 тиынға өскен.
АҚШ долларының орташа бағамы 436, 25 теңге болды.
Ұлттық банктің 20 желтоқсандағы ресми бағамы -1 доллар үшін 435, 54 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 437,89 теңгеден сатылса, сатып алу – 439,55 теңге.
Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 437,87 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 439, 02 теңге.



