BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда 23 градусқа дейін аяз болады

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстікте бұрқасын болады,  – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

21-23 желтоқсан аралығында Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, сондықтан ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын түседі.

23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аудандарынан антициклон келіп, ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде -8…23 аяз, күндіз -5…15 суық күтіледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде -5 …15 аяз, күндіз -0…8 суық. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде -5 суық, ал күндіз 10 градусқа дейін жылы болады, – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button