BasNewsЖаңалықтар
Президент Тоқаев қашан ревакцинация жасататыны белгілі болды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылдың қаңтарында ревакцинация жасайды. Бұл туралы Facebook-те Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 індетіне қарсы вакцинаны қайта салдыруына қатысты маған көптеген сұрақ келіп жатыр.
Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Мемлекет басшысы келесі жылы қаңтар айында қайта вакциналаудан өтеді. Президент халыққа қолжетімді екпелердің бірін салдыратын болады», – деп жазды Берік Уәли.
Еске салайық, 2021 жылдың 6 сәуірінде Мемлекет басшысы Қарағанды фармацевтикалық зауыты өндірген «Спутник V» вакцинасын салдырған еді.



