BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға мүмкіндік берілуі мүмкін

Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан бос уақытында қосымша табыс табуға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта заңнамада мұндай норма жоқ, бірақ болашақта біз мұндай норманы қарастырамыз, түзетулер әзірлеп жатырмыз, – деді ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы Анар Жайылғанова.

Бірақ, оның айтуынша, бизнеспен айналысуға мүмкіндік беру туралы сөз қозғалмаған.

Жоқ, кәсіпкерлікпен емес. Егер де отбасын асырау үшін қосымша қаражат қажет болса, мысалы, бос уақытында такси жүргізушісі болып жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі мүмкін. Біз қазір тиісті түзетулерді дайындап жатырмыз. Бірақ бұл норма әлі қабылданған жоқ. Ал кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынады, – хабарлады Анар Жайылғанова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button