BasNewsЖаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды
Президент өлім жазасын жою туралы заңға қол қойды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарламада.
2003 жылдан бастап Қазақстанда өлім жазасына мораторий енгізілген болатын, содан бері елде олардың бірде-біреуі тіркелмеген.


