Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны артты
Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 480 жағдай тіркелді, – деп хабарлайды Basnews.kz.
ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұсынған дерекке сүйенсек, өткен тәулікте елімізде 480 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы анықталып, расталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Алдыңғы күнмен салыстырғандағ тағы 40 адамға көбейгенін байқауға болады.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы – 110
Алматы қаласы –75
Шымкент қаласы –19
Ақмола облысы – 36
Алматы облысы – 21
Атырау облысы –10
Шығыс Қазақстан облысы – 20
Жамбыл облысы – 6
Батыс Қазақстан облысы – 6
Қарағанды облысы – 53
Қостанай облысы – 39
Қызылорда облысы – 4
Маңғыстау облысы – 3
Павлодар облысы –39
Солтүстік Қазақстан облысы – 34
Түркістан облысы – 5
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 987866.



