Аяжан Еділованы өлтірді деген күдіктіге үкім шықты
Алматыда 19 жастағы студент Аяжан Еділованы өлтірді деген қылмыскерге сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Сот отырысы Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотында жабық өтті. Төрағалық етуші судья Еркін Майшинов іс материалдарымен танысып, мынадай үкім шығарды:
«Сотталушы Төребековке Қылмыстық кодекстің 120-бабы «Зорлау» бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру, ал 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушыға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Жәбірленушілерге 26 миллиард 358 миллион теңге түріндегі моральдық залал төлеу ішінара қанағаттандырылды. Сотталушы Төребековтен жәбірленушілердің пайдасына 20 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндіріп алынсын», – деді судья.



