BasNewsЖаңалықтар
Таразда бас шырша өртеніп кетті
Таразда алаңға орнатылған қаланың бас шыршасы өртеніп кетті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Оқиға Жаңа жылды тойлау кезінде болған. Кадрлардан шырша маңында демалушылар жүргені көрінеді. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.
https://www.instagram.com/p/CYKISxXpWoM/
«2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 00.06-да Тараз қаласындағы Арбат алаңында 15 шаршы метр аумақта жасанды жаңа жылдық шырша өртенді. Өрт сағат 00.15-те оқшауланып, сағат 00.20-ға сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге ТЖД-ның 14 қызметкері мен төрт техникасы барды», – деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.



