BasNewsЖаңалықтар
Жерге екі қауіпті астероид жақындап келеді
Жерге қауіпті екі астероид жақындап келеді. Бұл туралы NASA мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Аспан денелерінің бірі – 2013 YD48 астероиды – өлшемі Биг-Бен сағатымен шамалас, екіншісі – 7482 YD48 астероиды – Эмпайр-стейт-билдингтен екі есе үлкен.
Бұған дейін NASA басшысының орынбасары Томас Зурбухен қазіргі уақытта ғалымдарға белгілі астероидтардың ешқайсысы алдағы жүз жылда Жермен соқтығысуы мүмкін емес деп мәлімдеген. Ол ғалымдар «көлемі 140 метрден асатын нысандардың шамамен 40 пайызын ғана білетінін» атап өтті.



