BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жол апатынан жасөспірімдер қаза тапты

Алматы облысында жол апатынан үш жасөспірім көз жұмды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

2 қаңтар күні сағат 22.20-да Панфилов ауданындағы Әулиеағаш ауылының маңында Nissan Cefiro көлігінің қатысуымен жол апаты болды.

«Көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны басқарған. Көлік Көктал – Әулиеағаш тасжолында аударылған. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы қаза тапты. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақаттармен орталық аудандық ауруханаға жатқызылды», – деп хабарлады полициядан.

ЖКО дерегі бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық іс қозғалды.

Көлікті басқаруға құқығы жоқ кәмелетке толмаған жүргізушіге жол берген көлік иесіне қатысты ҚР ҚК 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button