BasNewsЖаңалықтар
Қазақстанда 5 мыңнан аса адам тұтқындалды
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде ұсталған адам саны 5 мыңнан асты. Бұл туралы «Хабар 24» эфирінде ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғынбаев мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Ішкі істер министрі міндетін атқарушы Ерлан Тұрғынбаев елдегі тәртіпсіздіктер туралы айтып берді. Ол Алматыдағы жағдайда жиналғандар ешқандай талап қоймағанын және сөйлесуден бас тартқанын мәлімдеді. 5 мыңнан аса адам ұсталды», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, билік өкілдеріне күш көрсету, бұзақылық, адам өлтіру, тонау бойынша 125 соталды тергеу басталды.



