BasNewsЖаңалықтар

Еліміздің 4 өңірінде ескерту жарияланды

Қазгидромет Нұр-Сұлтан қаласы мен үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Basnews.kz.
3 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с. Сондай-ақ, Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болып, батыстан соққан желдің жылдамдығы15-20 м/с жетеді.
Нұр-Сұлтан қаласында 2 наурызда таңертең және күндіз тұман сақталады.
2 наурызда Қостанай облысыныңкей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде оның жылдамдығы 18 м/с жетеді.
Сондай-ақ, 3 наурызда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
 

Басқа жаңалықтар

Back to top button