BasNewsЖаңалықтар

Бүгін Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін, 10 қаңтарда Қазақстанда аза тұту күні, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Террорлық актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту жариялау туралы» Жарлыққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қаңтарда қол қойған болатын.

«Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілер салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасында 2022 жылғы 10 қаңтарда Жалпыұлттық аза тұту жариялансын», – делінген жарлықта.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай режимі кезеңінде (2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары аралығында) азаматтардың көшеде жүруіне тыйым салынған коменданттық сағат енгізілген болатын. Бірқатар өңірде ол сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін белгіленген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button