BasNewsЖаңалықтар

Қостанай облысында блокбекетте тұрған автомобильге жүк көлігі соғылды

Қостанай облысында жүк көлігі бақылау-өткізу бекетіндегі екі көлікке, оның ішінде полиция көлігіне соғылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Оқиға Қостанай-Мамлютка тасжолының 60-шақырымында болған. Volvo-12 жүк көлігінің жүргізушісі бақылау-өткізу бекетіне жақындап келе жатып, жол жиегінде тұрған Jac S-3 қызметтік көлігін, сондай-ақ бекетте тұрған Lada Granta көлігін соққан. Апат салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

«Дерекке қатысты жүк көлік жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы «Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», – деді Қостанай облысының Полиция департаменті өкілі.

Облыстық комендатура апат тежегіш жүйесінің істен шығуына байланысты болғанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button