BasNewsЖаңалықтар
Президент Тоқаев Алматыға келді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өткізіп, көңіл айтып, наградалар табыс етті», – деді Берік Уәли.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығына барған. Жедел жәрдемде жатқан зардап шеккендерге барып, жағдайын сұрады.



