Алматының жаңа бас санитария дәрігері тағайындалды
Қарлығаш Әбдіжаббарова Алматының жаңа бас санитария дәрігері болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды», – делінген Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарламасында.
ДСМ аппараты басшысының бұйрығымен 2022 жылдың 5 қаңтарынан бастап Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндеттерін уақытша атқару Департамент басшысының орынбасары Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаббароваға жүктелген. Бұл қызметке ол зейнетке шыққан Жандарбек Бекшиннің орнына келді.



