BasNewsЖаңалықтар

Алматыда балабақшалар қашан ашылады?

Алматыда балабақшалар 20 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды,– деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайға байланысты Алматыдағы барлық оқу және мектепке дейінгі мекеменің қызметі тоқтатылған болатын.

Қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева 31 қаңтарға дейін мектептерде сабақтар қашықтан өтетінін мәлімдеді. Айта кетейік, сабақтар 17 қаңтарда басталады.

ЖОО мен колледж студенттері аралас форматта оқиды: дәрістер – онлайн, практикалық сабақтар – офлайн. Қосымша білім беру мекемелерінде 10 адамға дейін топпен оқуға болады, жеке сабақтар штаттық режимде өткізіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button