BasNewsЖаңалықтар

Алматыда бүлікке қатысты деген күдікпен 2,6 мың адам ұсталды

Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2 601 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.

«Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді», – дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button