BasNewsЖаңалықтар

Елімізде Крещение мерекесі кезінде жаппай суға түсуге тыйым салынды

Елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның ірі қалаларында Крещение мерекесі кезінде өткізілетін жаппай шомылу рәсімі болмайды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына және «омикрон-штамм», «дельта-штамм» және коронавирустық инфекцияның басқа да штаммдарының айналымына байланысты, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бұқаралық және діни іс-шараларды, оның ішінде мұздай суға шомылу рәсімін өткізуге рұқсат етілмейді», – деп хабарлады ҚР ДСМ СЭБК ресми өкілі Ержан Байтанаев

Православ христиандарында бұл діни мейрам жыл сайын 18 қаңтардың кешінен басталып, 19 қаңтарға ұласады. Ал су айдындарында орналасқан ойықтарда шомылу рәсімі дәл мереке күні немесе кейінгі күндері де өткізіле береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button