Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
ШҚО Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жәкішевке пробациялық бақылау орнатылды. Cотқа Жәкішевтің бұл үшінші өтініші.
2018 жылдың қарашасында Жәкішев Семейдің № 2 сотына да шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш берген. Мұхтар Жәкішев шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш жазуы үшін жаза мерзімінің үштен екі бөлігін өтеуі тиіс болған. Бұл мерзім 2018 жылдың қыркүйегінде өткен. Алайда сот ол өтінішті қанағаттандырған жоқ, себебі ол келтірілген шығынды өтемеген еді – 99,6 миллиард теңге.
Ал 2019 жылдың шілдесінде ол тағы өтініш білдірген еді, бірақ сот ол өтінішті те қанағаттандырмады. Ақпанда да Жәкішев дәл осылай өтініш қалдырған еді, алайда ол да қанағаттандырылмады.



