BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда мұғалімнің орны 750 мың теңгеге саудаланған

Маңғыстау облысында жұмыс орнын саудаға салған келіншек үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі  “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Ақтауда мұғалім өзін мектепке мұғалім етіп орналастыруға уәде берген алаяққа алданып қалған. Ол өз қызметі үшін 750 мың теңге сұраған. Жас маман ақша берген, бірақ жұмысқа кіре алмағасын полицияға арыз жазған.

Бұл оқиғаға қатысты «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

«Ұсталған азамат кінәсін толық мойындап, өз әрекетіне өкінетінін айтты. Жәбірленушіден кешірім сұрады. Ол соттан өзіне қатаң жаза тағайындамауды сұрады. Сот үкімімен әйел адам кінәлі деп танылып, үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды», – деді Мұнайлы аудандық сотының судьясы Берік Өтеев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button