BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қаулы Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Қаулыға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мынадай:
  • ұйымдардың вакцина алмаған жұмыскерлері үшін (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) (7 күнде 1 рет) ПТР әдісімен COVID-19-ға міндетті түрде тестілеуді қамтамасыз етсін»;
  • медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарда, сәбилер үйінде, балалар үйінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз ету;
  • көп бейінді ауруханалардың қабылдау-диагностика бөлімінде пациенттерді жоспарлы және щұғыл емдеуге жатқызу үшін жеке қабылдау бөлмесін ұйымдастыруды, мүмкіндік болмаған кезде – жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу үшін пациенттер ағымын бөлу;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында автомобиль өткізу жолдарында өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасына ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын карантиндік стационарларда орналастыру.

Басқа жаңалықтар

Back to top button