BasNewsЖаңалықтар
Президенттің сынынан кейін ҚДБ басшысы қызметінен кетті
ҚДБ басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Жалғыз акционердің («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) 24.01.2022 жылғы шешімімен Абай Сарқұловтың «Қазақстанның даму банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ, Банк) басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. 25.01.2022 жылдан бастап ҚДБ басшысының міндетін атқарушы болып бұған дейін Банк басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева тағайындалды», – делінген хабарламада.
Еске салайық, Президент Тоқаев Қазақстанның Даму банкі элитаның жеке банкіне айналғанын айтқан болатын.



