BasNewsЖаңалықтар
«ӨКМ Операторы» басшысы мен экология вице-министрі ұсталды
«ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев пен экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов ұсталды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.
«ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталғанын растайды», – делінген хабарламада.
Олар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікке ілінді.
Екеуі де Нұр-Сұлтан қаласының ұстау изоляторына қамалды.



