BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандағы тәртіпсіздік кезінде «Йакын Инкар» радикалды ұйымының мүшелері ұсталған

Елдегі тәртіпсіздіктер кезінде «Йакын Инкар» радикалды ұйымының жақтастары ұсталған, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Хабар» агенттігі «Трагический январь. Как это было» деп аталатын деректі фильмді көрермен назарына ұсынды. Аталған фильмде биылғы жылдың қаңтар айында елімізде орын алған тәртіпсіздіктің толық хронологиясы көрсетілген.

Олардан қару-жарақ, оқ-дәрі, гранаталар, патрондар, діни брошюралар тәркіленген.

Айта кету керек, аталған ұйымға Қазақстанда 2018 жылдан бері тыйым салынған. Бас прокуратура «Йакын Инкар» елімізде тыйым салынған «Таблиги Джамаат»-тың еншілес ұйымы деп түсініктеме берген болатын.

Аталған қозғалыстардың мақсаты – билікті мәжбүрлі түрде құлатып, Конститутиция мен қолданыстағы заңдарға бағынбай, «халифат» құру.

фильмнен кадр

Елдегі толқулар кезінде кемінде 225 адам қаза тапқан. Олардың 19-ы полицейлер мен әскерилер. Терроризм, кісі өлтіру, билік өкілдеріне зорлық-зомбылық көрсету деректері бойынша 1800-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button