BasNewsЖаңалықтар
Елорда тұрғыны терезеден жайма арқылы түспек болып, құлап кетті
Нұр-Сұлтанда ер адам тоғызыншы қабаттың терезесінен жайма арқылы түспек болып, қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға 26 қаңтарда Құдайбердіұлы даңғылында болған.
«Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның мәйітін тапты. Оның 9-қабаттың балконынан төмен түсуге тырысқаны анықталды», – деді полиция қызметкері.



