BasNewsЖаңалықтар
Демалыс күндері қазақстандықтарды қандай ауа райы күтеді
Синоптиктер Қазақстанда 29-31 қаңтар аралығында ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
«Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, оңтүстігінде және батысында жаңбыр мен қар жауады. Республиканың кейбір жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде батыста 8 градус аяз болады. Ал солтүстікте, шығыста және орталықта 20 градусқа дейін төмендейді», – делінген хабарламада.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығысында термометр бағандары түнде 15 градусқа дейін төмендейді.



