Дарига Назарбаева вышла из политсовета Nur Otan
Nur Otan партиясының саяси кеңесінің құрамы жаңартылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Тізімде Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мен партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жоқ.
Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХІ съезінің қорытындысында белгілі болды.
Билеуші партияның саяси кеңесінің құрамы жаңартылған. Оның құрамында көптеген көрнекті тұлғалар жоқ болды.
Мысалы, ол жерден журналистер Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға мен партия төрағасының орынбасары Бауыржан Байбекті іздеп таба алмады.
«Спикер Әшімбаев, спикер Нығматулин және басқалар саяси кеңестегі орнын сақтап қалды. Кеңеске келгендер арасында политех ректоры Бегентаев, агробизнесмен Зенченко, ПӘ жетекшісі Қошанов, бұрынғы футболшы Лория, астана әкімінің орынбасары Оралов, мәжілісмендер Саиров пен Сарым, саясаттанушы Шибутов және басқалар бар, – деп жазады өзінің Telegram-каналында саяси шолушы Ғазиз Әбішев.
Сондай-ақ, ол саяси кеңесте Бауыржан Байбек, депутат Дариға Назарбаева, мемлекеттік хатшы Ерлан Карин, Дархан Кәлетаев, министр Дәурен Абаев, әкім Гүлшара Әбдіқалықованың жоқ екенін жазды.



