Өзбекстанда әйел үш жасар қызын аюдың қоршауына лақтырып жіберген
Ташкент хайуанаттар бағында сағат 12 шамасында жас келіншек көпшіліктің көзінше қолындағы кішкентай қызын аюдың қоршауына тастай салды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы хайуанаттар бағы мәлімдеді.
Жануар балаға тиіспеді, бірақ қыз 5 метрге жуық биіктіктен құлап зардап шеккен.
«Кавказдық қоңыр аю Зузу қызды темір қоршаудан асыра лақтырып жіберген әйелдің әрекетін бақылап отырды. Келушілер мен хайуанаттар бағы қызметкерлер әйелді тоқтатпақ болғанымен, ол бес метрлік қоршаудан баланы лақтырып жіюерген», – деп түсіндірді хайуанаттар бағы.
Аю балаға тиіспеген. Ол арық ішіне ақырын түсіп, қыздың қасына барып, иіскеп, кетіп қалды.
«Жыртқыш» бөлімшесінің қызметкерлері тез әрекет етіп, оны ішкі бөлмеге шақырды, бастады, ол қызметкерлерге бағынып бірден ішке кірді», – деді хайуанаттар бағында.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары бұл жағдайдың себептерін зерттеп жатыр, ал бала дәрігерлердің бақылауына алынды.
Ташкент хайуанаттар бағы қызға медициналық көмектің барлық шығындарын өз мойынына алатынын жеткізіп, оның тез сауығып кетуін тілейді.



