BasNewsЖаңалықтар
Президенттің эксклюзивті сұхбаты тікелей эфирде көрсетіледі
Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті.
«Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24″ телеарналарынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі.
Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», – делінген хабарламада.



