BasNewsЖаңалықтар

Павлодар облысында ерлі-зайыптылар бір бірінің үстінен полицияға шағым түсірді

Павлодар облысының Успен ауданында өзара келіспей қалған ерлі-зайыпты бір-бірінің үстінен арыз жазып полицияға жүгінді, – деп хабарлайды BasNews.kz тілшісі Павлодар облыстық ПД Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Әйелі жұмыстан көңілсіз келген күйеуін дұрыс қарсы алмаған. Содан үлкен жанжал болып, ерлі-зайыпты бір-бірін әбден балағаттаған. Осыдан кейін екеуі де полиция бөліміне келіп, бір-бірінің үстінен шағым түсірді. Атап айтқанда, отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер бойынша», – деді Жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуандық Шахманов.

Полиция ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 73-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қатысты ескерту жасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button