BasNewsЖаңалықтар

Ташкентте үш жасар қызын зообақтағы аюдың торына лақтырған әйел күйзелісте болды

Ташкентте үш жасар қызын зообақтағы аюдың торына лақтырған әйел күйзелісте болғаны айтылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Өзбекстанның отбасын қолдау министрлігі әйел қазіргі уақытта жұмыссыз екенін, оған және оның балаларына бірнеше рет әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетілгенін хабарлады.

«Азаматша З.Т екі баласымен бірге Ташкенттің Сергелий ауданындағы әкесіне тиесілі пәтерде тұрады. Ол жұбайының Ресейге кеткені әсерінен күйзеліске түскені белгілі болды», – деді агенттіктің баспасөз қызметі өкілдері.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеуді жалғастырып жатыр.

«Зардап шеккен қызға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр», – деп толықтырды баспасөз қызметі өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, кішкентай қыз ми жарақатын алып, ми шайқалу диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта жағдайы бірқалыпты.

https://youtu.be/UXaCUugvN_w

Басқа жаңалықтар

Back to top button