BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанның жеті өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет ауа райының қолайсыздығына байанысы 4 ақпанда бірнеше өңірде ескерту жариялады, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде және орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

4 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні Павлодар облыстың шығысында тұман күтіледі.

Павлодар қ.: түнде 04 ақпанда тұман түседі.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 05 ақпанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button