BasNewsЖаңалықтар
Сегізінші қабаттан құлағаннан кейін әйел аман қалып, өзіне жедел жәрдем шақырған
Якутск тұрғыны сегізінші қабаттан құлап, өзі жедел жәрдем шақырған, – деп хабарлады Basnews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Әйел 4 ақпан күні таңертең терезеден құлап кеткен. Кадрдан қарға құлаған әйелдің басы темір қоршауға тигенін көруге болады. «Подъем» Telegram-каналының мәліметінше, ол құламас бұрын сымнан ұстап үлгерген, соның арқасында жерге қатты екпінмен құламаған.
Сегізінші қабаттан құлаған әйел орнынан тұрып, үйіне өзі көтерілген және жедел жәрдемді шақырған. Бұны жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі растады.
30 жастағы әйел аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, оның жамбас сүйектері зақымданған. Кейбір деректер бойынша, бұл әйел психоневрологиялық диспансерде тіркеуде тұр.



