BasNewsЖаңалықтар

Бозымбаев пен Ақышев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінен шығып кетті

Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесі құрамынан шығарылды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл ақпар KASE сайтында жазылған.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының жалғыз акционерінің 2022 жылғы 28 қаңтардағы шешіміне сай, компанияның директорлар кеңесінің құрамына келесі өзгерістер енгізілді. Құрамнан Қанат Бозымбаев пен Данияр Ақышев шығарылды. Директорлар кеңесінің құрамына Тимур Сүлейменов кірді», – делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерді ескерсек, қазіргі директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Джон Дудас, Онг Бун Хви, Лука Сутера, Әлібек Қуантыров, Алмасадам Сәтқалиев және Тимур Сүлейменов. Айта кетейік, Қанат Бозымбаев 2021 жылдың қараша айынан бастап Алматы облысының әкімі қызметін атқарып келеді, Данияр Ақышев 2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button