BasNewsЖаңалықтар
Оқушылар мен студенттердің оқу форматына қатысты жаңа қаулы шықты
Бас санитар дәрігердің міндетін атқарушының «Білім беру ұйымдарында шектеу іс-шараларын алып тастау туралы» қаулысы шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды.
«Облыстар, Алматы, Нұр-Сұлтан пен Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 2022 жылғы 14 ақпаннан бастап барлық меншік нысанындағы және водомстволық тиісті білім беру ұйымдарында штаттық форматта оқытуды қамтамасыз етсін», – делінген құжатта.
Алайда барлық жерде сақтық шаралары сақталуы шарт.
Сондай-ақ, Есмағамбетова санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейту туралы бұрынғы қаулының күшін жойды.



