BasNewsЖаңалықтар
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде 130 курсант зардап шекті
Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті ауыздықтау кезінде әскери оқу орындарының 130 курсанты жараланғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап.
Қорғаныс министрлігі Алматының Орталық алаңын қоршауға алғашында әскери оқу орындарының курсанттары тартылғанын айтты. Кейін бейбіт митинг тәртіпсіздікке ұласып, олар тұрақты орналастыру пункттеріне жіберілген.
«Алматы қаласындағы тәртіпсіздіктер кезінде 130-ға жуық курсант зардап шекті. Барлығына дер кезінде қажетті медициналық көмек көрсетілді. Курсанттар оқуға оралды. Қазір екі курсант ауруханада жатыр», – деді Қорғаныс министрлігі.
«Әскери оқу орындары курсанттары мен Қарулы Күштердің әскери қызметшілері арасында қаза тапқандар жоқ», – деді министрлік.



