BasNewsЖаңалықтар

Танымал вайнер әрі КВН ойыншысы Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде блогер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азімжан Саидбаев деген азамат қаржы пирамидасын құрған деген күдікке ілінгені туралы хабарлама тарады.

Кейін Алматы қалалық соты бұл ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаржы пирамидасын құру және басқару» туралы 217-бабымен күдікке ілінді. Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бір күн бұрын кепілмен босатылған.

Бүгін, 11 ақпанда Алматы полициясы шағым түсірді.

«Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігінің 2-тармағы («Қаржылық «инвестициялық» пирамиданы құру және басқару») бойынша қылмыс жасады деген күдікпен 30.09.1986 жылы туған Қырғызстанның тумасы Саидбаев Әзімжан Алымджановичті іздейміз», – деп мәлімдеді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Back to top button